«Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты», - делінген хабарламада.
Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде», - дейді төтенше жағдайлар департаментінен.
Бұған дейін Ақмола облысында бұрынғы мешітте ас беру кезінде газ баллоны жарылып, үш адамның мерт болғаны туралы хабарлаған едік.