Астанада жеке үйде болған өрттен ер адам зардап шекті

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада Сарыарқа ауданындағы жеке үйде өрт болды. ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалын тілі 19 с. 58 мин. ауыздықталды.

Өртті сөндіруге Астана ТЖД-ның 2 техникасы мен 13 адамы жұмылдырылды.  Иіс тиіп уланған 26 жастағы азамат ауруханаға жатқызылды.