Аталған туынды қырғыз драматургы Мар Байжиевтің «Дуэль» шығармасы желісі бойынша сахналанбақ. Қазақ тіліне аударған қойылым режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Сайлау Камиев. «Жекпе-жек» мелодрамасы екі адамның махаббат жолындағы қақтығысын суреттейді. Бас кейіпкер Нази көңілдесі Ескендірмен теңіз жағасына демалысқа барғанын да, өмірінің күрт өзгеріске ұшырайтынын үш ұйықтаса да түсінде де көрмейді. Ескендір-Нәзи-Әзиз арасында орын алған махаббат хикаясы спектакльдің басты оқиға желісі болып табылады. М. Байжиевтің «Жекпе-жек» туындысы - бірнеше тілге аударылып, Қазақстан, Болгария, Венгрия, Германия, Польша, Швеция, Австрия, Румыния сынды бірнеше елдерде сахналанған танымал туындының бірі. Шығарма да әр заман өкілдерінің шынайы бейнесі суреттелген. М. Байжиевтің «Жекпе-жек» (Дуэль) пьесасы әр заман ұрпағының, ішкі көзқарас тартысы арқылы адами құндылықты іздеуге шақырады.
22:17, 16 Сәуір 2015
Астанада «Жекпе-жек» қойылымының тұсаукесері өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры сәуір айының 16-17 жұлдызында «Жекпе-жек» мелодрамасының премьерасын өткізеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.