«Аудандық ІІБ криминалды полиция бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, күдікті елорда тұрғының пәтеріне кіріп, ұялы телефондарды ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта ол осыған ұқсас оннан астам қылмыс жасауда күдікті болып табылады. Көп жағдайда желдеткіш арқылы кірген ұрлықшы бірінші қабатта орналасқан пәтерлерді таңдағандықтан, оларға кіру аса қиындық туындатпаған. Ұсталған күдіктінің тұратын жерінен полицейлер дәлел заттарды - ұялы телефондар мен планшеттерді тәркіледі», делінген хабарламада. Аталмыш факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізілуде. Күдікті тергеу оқшаулағышына қамалды. Оған қоса, күдіктінің басқа да осы сипаттағы қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.
22:24, 20 Тамыз 2015
Астанада желдеткіш арқылы ондаған пәтерлерді тонаған күдікті ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сарыарқа аудандық ІІБ криминалды полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында желдеткіш арқылы ұрлық жасаған 36 жасар Қарағанды қаласының тұрғынын құрықтады, деп хабарлайды Астана қаласының ІІД-інен.