Астанада желіккен жүргізуші бес көлікті соққан
15:55, 07 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 6 көліктің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
7 маусымда шамамен сағат 08.00 «Renault» маркалы көлікті басқарған 1955 жылы туған жүргізуші Бейсеков көшесінен Тұран даңғылына қарай Қорғалжын трассасымен жүріп келе жатқанда алдағы көлікпен қауіпсіз ара қашықтықты сақтамай, 5 көліктің соқтығысуынажол берді.
Жол-көлік апаты салдарынан жапа шеккендер жоқ. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.