Астанада Желтоқсан көшесі жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 15-і мен 30-ы аралығында жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарына байланысты елордадағы Желтоқсан көшесінің Кенесары көшесінен Ирченко көшесіне дейінгі бөлігі жабылады, деп хабарлады қала әкімінің ресми сайты.

Бұқарбай батыр көшесінен Ирченко көшесіне дейінгі бірінші учаскеде 15-19 қыркүйек аралығында, ал Бұқарбай батыр көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі екінші учаскеде 20-30 қыркүйек аралығында қозғалыс толық тоқтатылады.

Сонымен қатар, 17-30 қыркүйекте Желтоқсан көшесінің Абай даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс жартылай шектеледі.

«Жүргізушілерді жолдарда мұқият болуға және жол бағдарларын алдын ала жоспарлауға шақырамыз», - делінген хабарламада.