Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Раимбаевтың айтуынша, қоғамдық бақылау картасы аясында кез келген адам әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өз арызын жібере алады. Арнайы байланыс орталығына да xабар түсіруге болады.
«Мәселен, жолды жөндеу жұмыстары сапасыз атқарылса, немесе су құбырын уақытында жасамаса департаментке xабар беруге болады. Ол ақпараттың барлығы жедел түрде қаралады. Қазіргі кезде Фэйсбук, Вконтакте, Инстаграм сияқты танымал әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар ашылды. 77057091978 нөмірі бойынша WhatsApp пен Telegram-да чаттар бар. Оған тәртіп бұзушылықтың фотосын да, видеосын да жіберуге болады. Бұдан бөлек, 57-19-91 телефон нөмірі бойынша департаменттің қауырт желісіне xабарласуға мүмкіндік бар», - деді Д.Райымбаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, Qamqor атты қосымшаны жүктеп алуға да болады. Оны ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті әзірледі. Аталған мобильді қосымша арқылы барлық арыз-шағымдар қабылданады.