Тәртіп сақшылары Оңтүстік Қазақстан ауданының тумасы 43 жастағы әйелді ұстады.
Тексеру барысында анықталғандай, ол әйел қылмыстық топты ұйымдастырып соған жетекшілік еткен. Топ құрамында 1977, 1984 жылғы екі келіншек және 1987 жылғы ер адам бар. Олар 2010-2017 жылдар аралығында Астана теміржол вокзалының маңында жезекшелік қызмет көрсетуді ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысқан.
Астанадағы Сарыарқа аудандық №2 соты қылмыстық топ басшысын 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы туралы үкім шығарды. Оның сыбайластары 6 жылға сотталды.