АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол көлік оқиғасы салдарынан «Hyundai Accent» көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Жол апаты Астрахань тас жолының бойындағы қалалық зираттың маңында болды. «Hyundai Accent» маркалы жеңіл көлік пен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысқан.
Қазіргі кезде оқиға орнында жол патрульдік полиция мен жедел жәрдем қызметінің мамандары жұмыс істеуде. Əзірге зардап шеккендер туралы мəлімет жоқ.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.