Астанада жеңіл көлік көшедегі бағанды соғып құлатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жеңіл көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көшеге жарық беретін бағанды соғып құлатты.

«Жол-көлік апаты орын алды, автомашинаның жүргізушісі рулді игере алмай, көше шамын соғып құлатты. Ешкім зардап шеккен жоқ. Әкімшілік хаттама толтырылды», - деп мәлім етті Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Бүгін Фейсбукта Сәкен Шынтасов қираған автомобиль мен құлап жатқан бағанға қатысты видео жариялады. 

«Адамдар, абай болайық - жер көк тайғақ. Көлік жүргізгенде сақ болыңыздар, түрлі апат болуы мүмкін. Жылдамдықты асырмаңыздар, мұқият болыңыздар», - деп ескертті Сәкен Шынтасов.