Астанада жеңіл жүрісті 126 бойжеткен ұсталды

None
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада 2 және 8 сәуір аралығында жеңіл жүрісті қыздар мен оның жеңгетайларын анықтау, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, сондай-ақ жалпы қаладағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру мақсатында кең көлемде рейд жүргізілді.

Астана қаласы ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Батырлан Есенбайдың айтуынша, осы іс-шара аясында айналасы бірер күндердің ішінде 100-ге жуық жезөкше ұсталған.

Сонымен қатар рейд барысында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде жүрген 36 адам, абаттандыру ережесін бұзған 26 адам ішкі істер органдарына жеткізілген.

Жалпы ағымдағы жылдың 3 айы ішінде абаттандыру ережелерін бұзу, қаланың инфрақұрылым нысандарына зақым келтіру фактісі бойынша 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталып, 3 млн. көлемінде айыппұл салынған.

«Ал қоғамдық орындарда темекі қалдықтарын, бос пластикалық бөтелке, шемішке қалдықтарын тастағандар бойынша өткен жылы - 124, биыл - 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді Б. Есенбай.