«Жеңіс жұлдыздары» үздік экскурсиялық жаяу жүргінші маршрутын анықтау бойынша қалалық байқау Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған. Ұйымдастырушылар - Астана қаласының Білім басқармасы және Жас саяхатшылар бекеті.
Аталмыш шараның мақсаты - өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған жерге деген махаббатты сіңіру, белсенді қызмет түрлерін дамыту, туған қаланың тарихына деген танымдық қызығушылықты арттырып, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Жеңіс жұлдыздары» экскурсиялық маршрутына 27 мектептен 720 оқушы қатысты.
Жарыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңге тақырып таңдау, өлкетану материалдарын зерттеу, маршрутты құру және экскурсия өткізушілерді дайындау кірді. Жарыстың екінші кезеңінде қатысушылар маршрутпен жүріп өтіп, үздік жобаларды тапсыру және іріктеу жүргізілді.
Қалалық жарыстың қорытындысы бойынша, әділ қазылар алқасы әр жас санатында қойылатын талаптарға, қатысушылардың санына, ұсынылған материалдардың сапасына сәйкес жүлделі орындар анықталды.
«Жеңіс жұлдыздары» жарысының жеңімпаздарын марапаттау 30 сәуірде өтеді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, Білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.