Астанада «Жеңіске құрмет!» республикалық ақциясы басталды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хабар» агенттігі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жеңіске құрмет!» атты республикалық ақциясының басталуы туралы салтанатты түрде жариялады.

Жиынға Астана қаласы бойынша Ұлы отан соғысының ардагерлері, мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдері, ҚР Қорғаныс министірлігінің әскери оркестрі және «Жас Ұлан» әскери мектебінің курсанттары қатысты. Салтанатты жиынды мерекелік құттықтау сөзімен «Хабар» агенттігі» АҚ-ң Басқарма төрағасы Айдос Үкібаев және Ұлттық музейдің Директоры Дархан Мыңбай ашты.

Ардагерлерге естелік сыйларды тарту кезінде «Хабар» агентігінің жетекшісі Айдос Үкібаев: «Осыдан 70 жылдан астам уақыт бұрын, жас жеткіншектер өздерінің батыл әрекеттерімен Ұлы Жеңіс тарихын жаза бастады. Бүгінгі күнде сол жеткіншектер - игі ақсақалдар. «Хабар» агентігінің» командасы осы бейбіт өміріміз үшін өз құрметі мен ризашылығын білдіргісі келеді. «Жеңіске құрмет» акциясы аясында, біздің компанияның қызметкерлері арнайы қорға бір күндік еңбекақысын аударды, сол жиналған қаражатқа Қазақстанда тұрып жатқан ардагерлерге сыйлықтар сатып алынды. Біз басқа ұйымдар да осылай әрекет етеді деген үміттеміз!» - деп айтты.

Сыйлықтар тізімі әрбір ардагердің сұрауы бойынша құрастырылған болатын, оның ішінде теледидарлар, тоңазытқыштар, сонымен қатар Атырау қаласының ардагерлері мен тыл жұмыскерлері хорының өтіншімен сатып алынған сирек Тула қаласында шығарылатын баян да бар.

ҚР Ұлттық музей директоры Дархан Мынбайдың айтуынша: «Мұражай үшін соғыс жылдары болған оқиғаларды есте сақтау, әсіресе, жас ұрпақтар Жеңістің қандай қиындықпен берілгенін ұмытпауы аса маңызды. Көрмеде ҚР Ұлттық мұрағаты, Подольск қаласы бойынша РФ Қорғаныс министірлігінің Орталық мұрағаты ұсынған құжаттар, «Хабар» агенттігі мұрағатынан видео-материалдар көрсетіледі. Қонақтар бұрын көрсетілмеген сирек кездесетін экспонаттарды, суреттерді және құжаттарды тамашалай алады».

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Сталинградттық шайқас» музей-қорығы, Ресейлік әскери-тарихи қоғамның Волгоградттық бөлімімен бірлесе «Қаһармандарымыздың даңқы мәңгі арта берсін! Бұл - өлгендерге керек емес! Бұл - тірілерге керек!» көрмесін өткізеді. Бұл көрмеге ҚР Мәдениет және спорт министірлігі, РФ Мәдениет министірлігі және «Хабар» агенттігі қолдауымен өтетін шара Ұлттық музейдің «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» жобасы ауқымында ұйымдастырылған.

Көрме Ұлттық музейде 2015 жылғы 4 мамырда сағат 16.00 ашылады.

Сондай-ақ, көрмеде «Хабар» агенттігінің көрермендері жіберген соғыс уақытын қамтитын суреттер экспозициясы айрықша орын алатын болады. 2015 жылдың 9 - 26 сәуір аралығында барлық қазақстандықтар өз мұрағаттарында сақталған Ұлы Отан соғысы кезіндегі суреттерді 9may@khabar.kz электрондық адреске жібера алады. Суретпен бірге онда бейнелеген адам туралы қысқаша баяндама салу қажет.