Астанада оқушыларға арналған көлік картасын алу жеңілдей түсті
АСТАНА. KAZINFORM — 23 шілдеден бастап CTS Орталық кассасында жеңілдігі бар және мектеп көлік картасын рәсімдеу үшін жүгінген кезде жеңілдікті растайтын құжат немесе оқу орнынан анықтама қағазын ұсынудың қажеті жоқ.
Бұдан бөлек енді 3*4 фотосын апармасаңыз, суретке де сол жерде түсіреді.
Бұл қызмет 2025 жылдың 1 шілдесінен тиісті мәртебе алған жеңілдікті санаттағы азаматтарға қолжетімді.
— Тиісті мәртебеге 1 шілдеге дейін ие болған азаматтарға, сонымен бірге 18 жасқа дейінгі оқушыларға картаны рәсімдеу мен қайта шығару растайтын құжаттармен жүзеге асырылады. Жаңартылған дерекқорға толық қол жеткізгеннен кейін картаны қайта шығару қызметі қағаз құжаттарды ұсынбай жүзеге асырылатын болады, — делінген CTS хабарламасында.
Кассада кезекте ұзақ тұрмау үшін ата-аналар мен оқушылардан мектеп көлік картасын алдын ала рәсімдеуді сұраймыз.
— 2025-2026 жаңа оқу жылы 1-сыныпқа баратын оқушылар мектеп көлік картасын толық мәліметтер енгізілгеннен кейін рәсімдей алады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік елордада автобус жүргізушілерінің әрекетін камера арқылы бақылайды.