Астанада жер учаскесін алуға ниетті 13,5 мың адам арнайы есепте тұр
Бұл ақпаратты ҚазАқпараттың ресми сауалына жауап ретінде елордалық жер қатынастары және жерді пайдалануды бақылау басқармасы ұсынды.
«Осы жылы Астана қаласында ЖТҚ үшін жер учаскесін алуға өтініш берген барлық азаматтар жоғарыда көрсетілген нормаға сәйкес арнайы есепке алынды (Осы жылы барлығы 13,5 мың өтініш түсті)», - делінген мекеме басшысы Н. Кенжебаевтың қолы қойылған хатта.
Азаматтарды арнайы есепке алуды көздейтін ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 27 наурыздағы №255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесіне құқық беру қағидасы: «ҚР азаматтары мен оралмандар жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін сұраған кезде жер учаскесін бөлу үшін алаң болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар осы қағиданың 13-тармағында көзделген комиссияның қорытындысы негізінде бес жұмыс күні ішінде арнайы есепке алады».