«Бүгін 2018 жылдың 6 қаңтарында, таңғы сағат 9-дар шамасында «Көктал-2» шағынауданында орналасқан жер үйлердің бірінің шатырынан өрт шықты. Өрт сөндірушілердің күшімен, сағат 10:14 пен 10:59 аралығында тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрт шалған аумақ 150 шаршы метрді құрады»,-деп мәлімдеді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Жалынды сөндіруге Астана қаласы жеке құрамының 21 адамы жұмылдырылып, мамандандырылған өрт сөндіруші 5 арнайы техника бірлігі тартылған.
«Келтірілген мәліметтерге сәйкес, өрттің шығуына көмірмен жанатын пеш ақауы себеп болуы мүмкін. Азаматтарды абай болуға шақырамыз. Пешті қолданған кезде сақ болыңыздар»,-деді Руслан Иманқұлов.