Астанада жер жұмыстарын жүргізу барысында жұмыскер қаза тапты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Центр-Камаз» АҚ аймағында жер жұмыстарын жүргізу барысында «Завод АБК Бетон» ЖШС-нің 54 жастағы жұмыскері жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарланды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, Астана қаласындағы «Астана Су арнасы» МКМ кәріз станциясында 41 жастағы жұмыскер жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.