Астанада жергілікті органдар шетел инвесторының 2700 орындық мектеп салуына кедергі жасаған

Шетелдік инвестор астанада 150 жұмыс орнын құра отырып, 2700 оқушыға арналған мектеп салмақ болған. Жалпы инвестиция көлемі - 19 млрд теңге. Алайда Sabis халықаралық мектебін салуға жергілікті органдар кедергі жасап келген, деп хабарлайды Kazіnform елорда прокуратурасына сілтеме жасап. 

Фото: freepik.com

Уәкілетті орган ұзақ уақыт бойы инвестициялық жобаны іске асыруға қажет Нұра-Есіл каналында су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жөнінде рұқсат құжатын бермеген.

Астана қаласының прокуратурасы қабылдаған шаралардан кейін инвестор мәселесі шешілді.