Астанада жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар арасында «Қазақшаңыз қалай?» байқауы өтеді

ТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - 12 қазан күні Астанадағы М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Қазақшаңыз қалай?» атты қалалық байқау өтеді.

Байқауды «Мемлекеттік тілдерді қолдау», «Мәссаған» ұлттық веб-портал демеушілерінің Жігер-одақ қоғамдық бірлестігі, «KZ» қоғамдық қорларыныңқолдауымен Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау департаменті, елорда әкімдігінің Білім, Тілдерді дамыту және Ішкі саясат басқармалары бірлесе отырып ұйымдастыруда.

Байқаудың мақсаты оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын молайту, ойларын көркемдеп жеткізу дағдысына қалыптастыру. Сондай-ақ, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік тілге, қазақ мәдениетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өнерін жұртшылыққа таныту.