Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастырып, ұстағаны үшін Астана қаласының екі саунасы мен 1 массаж салонының әкімшілерін қылмыстық жауапкершілікке тартты.
«Рейд шарасын өткізу барысында ақылы қызмет көрсеткен 30 бойжеткен полицияға жеткізілді. 8 адамға қатысты тіркеусіз немесе құжатсыз жүрген, жеке бас куәлігінсіз жүргені үшін ҚР ӘҚБтК 492-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тыныштықты бұзғаны үшін 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысу үшін әдейі нысанын бергені үшін екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.