Астанада жиһаз жасайтын цехтан өрт шықты

Фото: Фото: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада цех өртеніп жатыр. 

17 ақпан сағат 09:36 шамасында Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Республика даңғылындағы цехқа аттанған.  

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 60 шаршы метр алаңда цехтың корпустық жиһаз жасайтын құралдары, жабдықтар мен жиһаз станогының өртенгенін анықтады. 

Қызыл жалынмен күреске Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 44 адам және 8 техника жұмылдырылды.