Оның айтуынша, департамент өз өкілеттігі шегінде жеке сот орындаушыларының жұмысын тұрақты қадағалап отырады.
– Заң талаптарын бұзған сот орындаушыларына қатысты тиісті шаралар қабылданды. Департаменттің ұсынысы негізінде жыл басынан бері төрт жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды. Бақылау жүргізудегі басты мақсат – ЖСО-ларды жазалау емес, олардың жұмысындағы заңбұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың құқығын қорғау және сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, – деді Мөлдір Есенқұлова.
Сондай-ақ Астана қаласы Әділет департаменті Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Айдана Бекберді бақылау барысында атқарушылық әрекеттердің мерзіміне, мәжбүрлеп орындатудың сапасына, сондай-ақ борышкерлердің мүлкі мен ақшалай қаражатын анықтауға басымдық берілетінін атап өтті.
Оның айтуынша, бақылау жұмыстары тек арыз-шағымдар бойынша ғана емес, жүйелі түрде жүргізіледі. Кандай да бір бұзушылық тіркелсе, оның сипаты мен іске қатысушы тараптардың құқығына тигізген әсері бағаланып, тиісті құқықтық шаралар көріледі.
Айта кетейік, бұған дейін, Алматы облысында жеке сот орындаушылары құмар ойындарға 180 млн теңге қаржы жұмсағанын жазған едік.