Қалалық әкімдіктің мәліметінше, «Каз Форд Строй» ЖШС жеке мердігерлік ұйымы жүргізген жер қазу жұмыстары кезінде Достық көшесі, 8б мекенжайындағы жылу магистралі зақымданған.
- «Каз форд строй» ЖШС жеке мердігерлік ұйымы Достық көшесі, 8б мекенжайында жер жұмысын жүргізу барысында д-219 жылу трассасына зақым келтірді. Жеке мердігерлік ұйым бұл жұмысты уәкілетті органдардың және «Астана-Теплотранзит»АҚ келісімінсіз өз бетінше жүргізген.Оқиға орнына «Астана-Теплотранзит» АҚ апаттық бригадасы дереу жетті. Бригада апатты жою жұмысын жүргізіп жатыр, - делінген Астана әкімдігі хабарламасында.
Еске салсақ, Алматыда жылу құбыры жарылған еді.