«Бірінші жағдайда, сағат кешкі 19.30 шамасында әйел Ботаникалық бақта 5 жасар баласын таба алмай жүргенін айтып, әскери нарядтың бастығы Дмитрий Власовқа, патрульдегі Дмитрий Войкин мен Асылхан Еркебаевқа жүгінген. Дмитрий Власов іздеу жұмыстарына басқа әскери нарядты да жұмылдырып, бірнеше минуттың ішінде олар бақ ішінде адасқан баланы тауып алды. Ол шешесіне қайтарылды», - делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.
Дәл сол күні, сағат 21.00 уақытында «Жерұйық» бағында әскери нарядтың бастығы Айбек Төлегеновке 10 жастағы Елхан атты баласын жоғалтқан әйел таянған. Айбек те жоғарыда аталған әріптесінің әрекетіндей бүкіл нарядқа хабар берген.
«Жарты сағаттың ішінде әскери нарядтың бастығы Тайыр Шайхиев пен патрульдегі Бақытжан Дабылдаев, Ерболат Жолдыбай көшелерді тексеріп жүріп, Абылай хан көшесінен әлгі баланы тапты», - делінген хабарламада.