Астанада жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт аман-есен табылды
12:41, 08 Сәуір 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт Ақжан Мәделхан Астанадан аман-есен табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Оның анасының айтуынша, жігітті туысқандары іздеп тапқан.
Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуір күні түске таман Ақжан Мәделханның жоғалып кеткендігі туралы ақпарат тараған болатын. Оны соңғы рет Сығанақ көшесінің бойында, «Пекин Палас» қонақ үйінің маңайынан көрген. Ол «Еуроцент» бизнес-орталығынан шығып үйіне қарай бет алған. Одан кейін оның телефоны сөніп қалған.