Астанада жоғалып кеткен бала табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Астанада жоғалып кеткен 14 жасар Аңсар Амангелді аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлдың анасына сілтеме жасап.

Үйден шыққан баладан 16 сағат бойы хабар болмағасын, туыстары дабыл қаққан еді.

Олардың айтуынша, Аңсарды іздестіру жұмыстарына астаналық полиция да жұмылдырылды.

Достар мен туыстардың және құқық қорғау органдарының бірлесе күш салуымен Аңсар түнде табылды.

Айта кетейік, жоғалған бала туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде таралған еді. Онда 2003 жылы туған баланың «Альбион» тұрғын үй кешенінен шығып, із-түзсіз жоғалғаны айтылған.