деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз қашықтан оқыту технологиясын жүзеге асыруда жаңа бағыттарды жетілдіру үшін жоғары оқу орындарының әлеуетін біріктіруді көздеп отырмыз. Университеттік порталдың республикалық электронды кітапханасын құру идеясы да бар», - деді Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаментінің директоры Серік Өмірбаев.
Конференция жұмысына қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Ұлттық ақпараттандыру орталығының, сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Беларус жоғары оқу орындарының өкілдері, қашықтан оқыту үрдісіндегі проблемалар мен оны дамыту болашағын, нормативті-құқықтық базаны қалыптастыру мен республиканың және таяу шет елдердің жоғары мектептеріне жаңа әдістемелерді енгізу тәжірибесін талқылауда.
Айта кетейік, қашықтан білім беру үрдісі 2002 жылдан бері республиканың 20 жоғары оқу орнында тәжірибе ретінде жүзеге асырылып келеді.