«Жол ақысын төлеудің электронды жүйесін енгізудің арқасында жалпы жиналатын қаржының көлемі артады деп болжап отырмыз.
Қазіргі кезде ақшаның қандай да бір бөлігі «көлеңкеде» қалып отырғаны баршасына белгілі. Жол ақысын төлеудің электронды жүйесінің көмегімен біз саладағы ашықтықты арттырамыз», - деп тоқталды Астана қаласы Көлікті диспетчерлендіру орталығының басшысы Байыржан Сейітов.
Оның сөзіне қарағанда, қолма-қол есептесу сақталады, алайда жүйедегі бонустар мен профиттердің арқасында электронды карталарды ұстаушылардың саны көбірек болмақ.
Бұдан бөлек «көлеңкеде» қалатын ақша мәселесіне тоқталған ол: «бүгінде тура есептеулер жүрмегендіктен, нақты соманы айту қиындау. Мәселен, қалада адамдар автобустарға көптеп отыратын уақыттарда кондуктор барлығына билет беріп үлгермейтін жағдайлар болады», - деді Б. Сейітов.
16:31, 02 Тамыз 2016
Астанада жол ақыны төлеудің электронды жүйесін пайдаланушылар саны артуы күтіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол ақысын төлеудің электронды жүйесін пайдаланушылар саны көптеп артады. Бұл туралы бүгін Астанада «ASTRA PLAT» жол ақысын төлеудің электронды жүйесінің бірінші дайындық кезеңінің енгізілуіне байланысты өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.