Апатты жасаған Lexus көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалады.
Б.Момышұлы даңғылында Lada 2110 және Ford Focus автокөліктері соқтығысып, зардап шеккен жүргізушілердің біріне медициналық көмек көрсетілуде. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік апатына жолда жүру ережесін бұзған Lexus автомашинасы себеп болған және оның жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен.
Зардап шеккендердің денсаулық жағдайын дәрігерлер анықтауда, қаза тапқандар жоқ.
Фото: Абуова К.А