"Нұра ауданы Ш.Айтматов көшесі бойында жеңіл автокөліктің өртенуі орын алды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда", - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.
ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Айта кетейік, бұған дейін БҚО-да саяжай мен монша өртенгенін жазған болатынбыз.