«Астана қаласында Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Балташевтің баласының үйлену тойын атап өтуші - үйлену тойы шеруіне қатысушылар, сонымен бірге жалға алынған көліктің жүргізушілері жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. Дереккөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта осы факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде. «Тексерудің нәтижесі қосымша хабарланатын болады»,-делінген хабарламада.