Астанада жол қауіпсіздігі ережесі бойынша акция өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жас инспекторлармен ең жас жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш элементтері бар заттар таратты. Елордада «Назар аударыңыз, жүргінші» атты аймақтық акция 29 наурызда басталып, 4 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.