Қайғылы жағдай Күйші Дина көшесінде болды.
«Қазіргі таңда оқиғаның себеп-салдары анықталуда. Зардап шеккен қызды жедел жәрдем көлігі алып кетті. Ал, қызды қаққан жүргізушіні есірткіге тексеру үшін алып кетті»,-деп хабарлады Астана қаласының Ішкі істер департаментінен.
«Әлі өзіме келе алмай отырмын. Мас жүргізуші Күйші Дина көшесінде жол жиегіндегі көлікті сосын қызды қағып кетті. Қыз тіпті бірнеше метрге дейін ұшып түсті. Жас қыздың былғары күртесі қанға боялған. Өте қорқынышты. Жедел жәрдем көлігі 25 минуттан соң келді. Одан соң полиция қызметкерлері де келді. Жүргізуші көлігінен шыққан жоқ», суреттеді болған оқиғаны көргендердің бірі әлеуметтік желіде.
Куәгерлердің сөздерінше, зардап шеккен қыздың өтініші бойынша оның телефонынан жолдасына хабар берілген. Оқиға орнына жеткен ер адам әйелін қаққан азаматқы соққыға жықпақ болды. Алайда, оны сол аймақтан өтіп бара жатқандар ұстап қалды.
19:57, 06 Қараша 2016
Астанада жол-көлік апаты болып, бір қыз зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жүргізуші көлікті басқара алмай жол жиегінде тұрған машинаны соғып, артынан сол жерден өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен, деп жазды Kazpravda.kz.