Сынған автобус Бөгенбай батыр даңғылы жағынан №2 жол өтпесінің ортасында апатты жарық сигналы мен апатты тоқтау белгісін жолға шығарып, тоқтап тұрған, деп хабарлайды Астана қаласы ЖПБ баспасөз қызметінен.
Аталған оқиға нәтижесінде зақым алған «Ауди-С4» автокөлігінің жолаушы азаматшасы ауруханаға жеткізіліп, қабылдау бөлмесінде көз жұмды. «Ауди-С4» автокөлігінің жүргізушісі және екінші жолаушы да әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Апат орнында Астана қаласы ІІД тергеушілері жұмыс жүргізуде.
Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда.