ІІД Әкімішілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Елжан Чупеков өз сөзінде: «Жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу - қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл білдіріп, қайғыларына ортақтасу үшін ӘПБ қызметкерлері «Есте сақта. Ойлан» акциясының шеңберінде көпшілік қатысқан қайрымдылық жарысын өткізу арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігіне жұртшылықтың назарын аударуда», - деді. Жарысқа 200-ге жуық қалалық спорт ұйымдарының өкілдері, жастар мен жұртшылық қатысты. Қатысушылардың қауіпсіздігі үшін ЖПП автокөліктері оларға ілесіп отырды. Қалалық саябақта мәресіне жеткен жүгіру жарысында қатысушылар құрбандарды еске алуда ақ және қара түсті шарларды аспанға ұшырды. Бұл күні полцейлер автокөлік иелерін акцияға тартып, жүргізушілер өз көліктеріне ақ жолақтарды бекітіп, сағат 12-де дыбыстық дабылдарын қосты. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде Астанада жол апаттарынан 46 адам қаза болып, 600 адам жарақаттанды.
10:42, 16 Қараша 2015
Астанада жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күніне орай жарыс өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ІІД жол-патрульдік полиция қызметкерлері Дүниежүзілік жол-көліктіқ оқиғаларының құрбандарын еске алу күнінде елорданың орталық көшелерінде жүгіруден қайырымдылық жарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.