Астанада жол құрылысынан екі көше жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада екі көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «109» қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Егемен Қазақстан көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 16-28 маусым аралығында автокөлік құралдары үшін Кенесары көшесінен бастап, Абай даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Сондай-ақ М.Ғабдуллин көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сол себепті 17-21 маусым күндері А.Иманов көшесінен бастап, Речной тұйық көшесіне дейінгі учаскеде автожол ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс тудырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет.