Бұл туралы бүгін Астана қаласының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде өткен брифингте құқық қорғау органының баспасөз хатшысы Толқын Нәбиева мәлім етті.
Т. Нәбиеваның айтуынша, М. Жанаберген есімді азамат жедел іздестіру шаралары кезінде Астана қаласының Қаржы полициясы инспекторларымен қылмыс үстінде ұсталды.