Астанада жол полициялары жеміс-жидек, көкөніс және адамдарды тиеген жолаушылар автобусын қолға түсірді

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Астанада «Қызылжар» бекетінде сәрсенбі, маусымның 9-ы күні жол полициялары жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесін бұзған «Mercedes-Benz» жолаушылар автобусын қолға түсірді,

деп хабарлайды елордалық жол полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Тасымалдау көлігінің іші жартылай алма мен қызанаққа толы болған. Сондай-ақ оның ішінде тіпті автобустың еденіне отырған өзбек ұлтының 26 жолаушысы болған.

Баспасөз орталығы таратқан ақпаратта аталып өтілгендей, «автобус Сарыағаш қаласынан Петропавлға бара жатқан. Жүргізуші жолаушы және жүк тасымалының ержесін бұзған, бұл жол полицияларының хаттамасында көрсетілген».