Астанада жол үстінде жеңіл көлік өртеніп, зардап шеккендер болды

АСТАНА. KAZINFORM — Астананың Сарайшық ауданындағы Аманжолов көшесінде жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Фото: Видеодан скрин

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел жеткен. Өрт арнайы қызметтердің күшімен сөндірілді.

Куәгерлердің алдын ала ақпараты бойынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасының жарқылы болып, артынша өрт шыққан. Салдарынан жақын маңда тұрған бірнеше көлікке зақым келген.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді.

Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

ТЖД мамандары көлік иелеріне техникалық қызмет көрсетуді уақтылы жүргізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңызын еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Астананың Байқоңыр ауданындағы жеке тұрғын үй секторында өрт шығып, үш нысанның шатыры жанған болатын.