АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 5 автобустың бағыты уақытша өзгеретін болды.
«City Transportation Systems» ЖШС хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 1, 3, 20, 23, 25 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен қарап таныс бола аласыздар.
«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», — деп ескертті ведомстводан.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.