Астанада жол жөндеу жұмысына байланысты 13 автобустың маршруты өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық City Transportation Systems көлік компаниясы кейбір қоғамдық көліктің бағыты уақытша ауысқанын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгіннен бастап жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №1, 2, 4, 4А, 13, 19, 24, 24Н, 33, 48, 70, 71, 9 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

«Сапарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді компаниядан.