«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде №109 автобус өртеніп жатты. Жолаушылар өрт сөндірушілер келгенше автобустан шығып үлгерген», делінген хабарламада. Алғашқы өрт бөлімшесі оқиға орнына 4 минуттан кейін келді. Қазір олар сол жерде жұмыстар жүргізуде. Жалынды ауыздықтауға 2 техника, жеке құрамнан 9 адам жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.