Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәлім болды.
Атап айтқанда, осы жұмыстардың аясында Бейбітшілік көшесі, Ә. Молдағұлова көшесі, Мирзоян көшесі және салынып жатқан опера және балет театрына Қонаев көшесі арқылы өтетін көпірлі жаяу жүргіншілер жолын салу көзделген. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 13 шілдесінде сағат 23:00-ден Бейбітшілік көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан бастап Есенберлин көшесіне дейінгі бөлігі, Жеңіс даңғылынан бастап Республика даңғылына дейін Ә. Молдағұлова көшесі бойынша өтетін жол жабылатын болады.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, қалалық қоғамдық көлік кестесі келесі тәртіпте өзгертілетін болады:
Бейбітшілік көшесі - № 9, 10, 23 бағыт: Біржан сал көшесі - Жеңіс даңғылы - Бөгенбай батыр даңғылы - Бейбітшілік көшесі;
№ 13 бағыт: Конституция көшесі - Жеңіс даңғылы - Бөгенбай батыр даңғылы;
№ 14, 27 бағыт: Біржан сал көшесі - Есенберлин көшесі - Республика даңғылы;
№ 19 бағыт: Біржан сал көшесі - Жеңіс даңғылы - Бөгенбай батыр даңғылы - Республика даңғылы;
№ 22 бағыт: Біржан сал көшесі - Есенберлин көшесі - Республика даңғылы;
№ 33 бағыт: Конституция көшесі - Жеңіс даңғылы - Бөгенбай батыр даңғылы. Кері бағытта осы қозғалыс кестесі бойынша.
Мирзоян көшесі - № 14 бағыт: «Қазақ елі» монументі бағытында тура Тәуелсіздік даңғылы бойынша. Кері бағытта - Тәуелсіздік даңғылы - Ақыртас көшесі - «Қараөткел т/а» аялдамасы;
№ 26 бағыт: Тәуелсіздік даңғылы - Ақыртас көшесі - соңғы аялдама «Қараөткел т/а». Кері - Ақыртас көшесі - Тәуелсіздік даңғылы.
Қонаев көшесі - № 12 бағыт: Тұран даңғылы - Сарайшық көшесі - Қабанбай батыр даңғылы - Қонаев көшесі.
№ 35 бағыт: Қабанбай батыр даңғылы - Сарайшық көшесі - Тұран даңғылы - Сығанақ көшесі.