Күлтегін көшесінен Е15 көшесіне дейінгі учаскеде суды бұру мақсатында жаңбыр суын қабылдайтын құдықтарды орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 5-7 қыркүйек аралығында схемаға сәйкес аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.
— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозағлысты ұйымдастыруға ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамассыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында жол белгілері мен бағыттағыш көрсеткіштер орнатылады, — делінген басқарма хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы Төле би көшесінің тағы бір бөлігінде қозғалыс шектелетінін жаздық.