Жол жөндеу жұмыстары аясында аталмыш жолдар аумағында су құбырларын, жылу трассасын тарту және жауын-шашынға, тұрмыстық мақсаттарға арналған кәріздерді орнату бойынша жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар жол қозғалысы шектелген аймақта абаттандыру жұмыстары да қолға алынбақ. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, Жангельдин-Бейбітшілік көшелеріндегі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйек күні аяқталмақ. Осыған байланысты №9, 10, 23, 33 автобустарының қозғалыс кестесіне өзгертулер енгізілді. Аталмыш бағытта жүретін қоғамдық көліктер Бөгенбай батыр даңғылы арқылы жүретін болады.
12:21, 20 Шілде 2015
Астанада жолдың жабылуына байланысты кей автобустардың қозғалыс кестесі өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жол жөндеу жұмыстарына байланысты Жангельдин және Бейбітшілік көшелерінің қиылысы жабылды, деп хабарлайды astana.kz.