Астанада жөнделетін көше қиылысында 10 күн автобус бағдары шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Ұлытау - Наурыз көшелерінің қиылысында автобус қозғалысы 10 күнге шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш қиылыста 27 қазанда таңертеңнен бастап 5 қарашада сағат 00:00-ге дейін жөндеу жұмыстарына байланысты автобус қозғалысы шектеледі.

№ 4 бағдар бастауыш аялдама «№ 73 мектеп-лицейі» мен Ұлытау - Ақмола көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Ақмола көшесіне солға, Қайнар көшесіне оңға, Ақтөбе көшесіне солға, әрі қарай қолданыстағы қозғалыс кестесі бойынша жүреді. Кері бағытта - тура осыған ұқсас.