Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты қандай жолдар жабылады

Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана қаласының бірнеше көшелерінде орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы ескертті.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Тәуелсіздік даңғылынан Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі учаскеде Ш. Қалдаяқов көшесінің орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 7 мен 13 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Фото: Астана әкімдігі

Қала тұрғындары мен қонақтарын І. Жансүгіров көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылы бойындағы жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстарды жалғастырылатыны туралы хабардар етеді. Сонымен қатар, Абылай хан даңғылы/Манас көшесі қиылысы жабылатын болады. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 7 мен 8 маусымда автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылатын болады. 

Фото: Астана әкімдігі

Қала тұрғындары мен қонақтарын Р. Қошқарбаев даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде М.Жұмабаев даңғылы бойындағы жол жабынының жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстарды жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 7 мен 9 маусым аралығында автокөлік құралдарының қозғалысы ішінара жабылатын болады. Автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады.

Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Қорғалжын тас жолынан Қ. Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде Домалақ ана көшесінің жөндеу жұмыстардың шеңберінде жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 7 мен 8 маусым аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Айта кетелік Астанада 11 жасар бала суға кетіп қала жаздады