Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты көшелердің бір бөлігі жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ «Самғау»ТК ауданындағы Шарбақты көшесіндегі учаскеде жол жүруді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды. 

Фото: Астана әкімдігі

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ «Самғау»ТК ауданындағы Шарбақты көшесіндегі учаскеде жол жүруді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды. Бұл ретте қозғалыс іргелес балама көшелермен қамтамасыз етілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.