Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып хабарлайды.
Қаңтардың 25-і күні елордадағы Есіл ауданына қарасты Заречный ауылында жерге байланысты жұмыстармен айналысып жатқан «Астана - Алькор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері 15 сағат 50 минут шамасында диаметрі 200 милиметрді құрайтын су құбырына зақым келтірген. Нәтижесінде сол ауылдағы №45 орта мектеп 10 сағаттан астам сусыз отырған. Ал құбырды жөндеу жұмыстарын «Астана су арнасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметкерлері келесі күні, яғни қаңтардың 26-ына қараған түні 2 сағат 50 минут шамасында жөндеп бітті.