Астанада жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 4 жұмысшы 12 метр биіктіктен құлап кетті - ҚР ТЖМ
10:45, 14 Қазан 2012
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Елордадағы Сарыарқа ауданында «Кирпичный» тұрғын үй кешені аумағында үй төбесін жөндеу жұмыстарымен шұғылданып жатқан «Диас НТ» ЖШС-нің төрт жұмысшысы 10-12 метр биіктіктен құлап кетті.
ТЖМ-нің хабарлауынша, жұмысшылардың екеуі, 17 және 18 жастағы Өзбекстан азаматтары түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.